Жарияланды: 07.04.2020

Қосар үлесі аз емес…

Шымкентте жүгеріден алынатын глюкоза-жеміс шәрбатын өндіретін цех ашылғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Күнгейдің бас оқу ордасы М.Әуезов атындағы ОҚМУ 2016 жылы «Ғылым қоры» АҚ-ның грантын ұтып алған болатын. Ұтып алған грант көлемі 184 млн. теңгені құрайды. Аталған қаражат құрал-жабдық сатып алуға, ферменттерге жұмсалған. 4 жылда кеткен шығынды ақтайды деген жоспар бар. Жүгеріден кондитерлік кәсіпорындарға аса қажетті шикізат өндіретін цехты аталған оқу ордасының серіктесі «АлиКа групп» компаниясы жүзеге асыруда. Өндіріс орны қаламыздың бюджет түсіміне қосар үлесі аз емес. Жүгеріні терең өңдеу арқылы қант алмастырушы табиғи шәрбат шығарылады. Ол сиропты кондитерлік өнім өндірісінде, сусын шығаруға қолданады. Серіктестік қалдықсыз технологияны да меңгерген. Өндірістен қалған сығындыдан биожем шығарады. Серіктестік биыл жер алып, жүгері егуді де жоспарлап отыр.

719 қаралым