Жарияланды: 07.04.2020

Жұмысты бәсеңдеткен жоқ

Шымкент қаласына қарасты Абай ауданы бойынша жалпы аумағы 18 мың шаршы метрлік 17 тұрғын үйдің сыртын әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Оған  5 мердігер мекеме және 133 құрылысшы жұмылдырылған. Көктемнің әр қарбалас күнін тиімді пайдалануды мақсат тұтқан құрылысшылар жұмысты бәсеңдеткен жоқ. Қазіргі таңда 6 мың текше метр құрылыс материалдары жеткізілген. Қаланың халық көп жүретін, орталық көшелері болғандықтан құрылыс жұмыстарын сапалы атқаруды міндет санап отыр. Бүгінде аталған ауданда 12 тұрғын үйдің қасбеті ретке келтірілуде. Ал Әл Фараби ауданында 24 тұрғын үйдің сырты жаңартылады. Оған 8 мер­дігер мекеме атсалысуда. Қаланың өсіп өркендеуін құрылыс жұмыстарының қарқын алғанынан да білуге болар.

819 қаралым