Жарияланды: 08.07.2018

Көшбасшы компания

Жоғары технологиялы өнім өндіретін «KARLSKRONA LC AB» ЖШС-і тек Түркістан облысындағы ғана емес, еліміздегі іргелі өндіріс орындарының көшбасында тұр. Отандық нарықты өз өнімдерімен қамтамасыз етіп келе жатқанына 15 жыл болды. Өңірімздегі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған өнідріс орны. Елімізде бұрын соңды өндірілмеген қажетті бөлшектер шығаратындықтан өнімдеріне деген сұраныс өте жоғары. Кәсіпорын бекіту-реттегіш арматура мен сорғылар өндіреді. Жылдық қуаттылығы 6 000-нан аса өнім өндіріп, ішкі сұранысты толық қамтып отыр. Кәсіпорын басшысы Уәлихан Ахметов менеджмент пен маркетингті мықты меңгерген кәнігі маман. Сондықтан да алдын ала нарықты зерттеп, барлау жасап отырады. Соның арқасында кәсіпорын өзге өндіріс орындары сықылды банкротқа ұшырап, не болмаса басқалай дағдарысқа тап болған емес. Ішкі, сыртқы нарықты терең зерттеудің арқасында алдағы уақытта шетелдік компаниялардың да тапсырысын орындамақ ниетте. Әрине, маркетингтік зерттеу жүргізбей нарыққа шығу бүгінгідей бәсекелестігі басым заманда қиындау. Сондықтан да елімізде өндірілмейтін, бірегей дүниелерді өндіру өндіріс орны үшін өте тиімді. Машина жасау саласы бойынша айналмалы құралдарды, сорғыш құралдарды өндіруден әзірге бәсекелесі жоқ жалғыз кәсіпорын. Еліміздің ішкі нарығы мен Орта Азия аумағында өнімге сұраныс көп. KARLSKRONA компаниясының және оның еншілес кәсіпорындары сорғыш жабдықтардың бесінші бөлігін,  реттегіш арматураларды, жылу алмастырғыштар мен су тазарту жүйелерін өндіріп шығаруға қауқарлы. Өндіріс толықтай жоғары технологиямен жабдықталған.

1 193 қаралым