Жарияланды: 15.04.2020

Қала күніне орай жаңа үйлер пайдалануға беріледі

Шымкент қаласының  әкімі Мұрат Әйтенов қажетті құрылыс материалдарын тасымалдаушы көліктерге қалада жүріп тұруына ешқандай кедергі болмау керектігін атап өтті. Оған қоса қажетті құрылыс заттарын сататын көтерме қоймаларға да мүмкіндік жасалғанына тоқталды. Құрылысшылармен сөйлескен Мұрат Дүйсенбекұлы мердігерге тұрғын үйді, Қала күніне орай тапсыру керектігін ескертті. «Шымкент сити» шағынауданының жалпы ауданы 427 га, 12 орамға бөлінген. Соның ішінде, мемлекеттік қаржысы есебінен 24,5 га құрайтын 1-ші орамда жалпы құны 27 млрд.теңгеге 43 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның 39-ы көпқабатты тұрғын үй. 1200 орындық меткеп құрылысы бітіп тұр. Енді сол маңнан балабақша салынады. Қажетті инженерлік-инфрақұрылым тартылған. Өз алдына модульді жылыту қазандығы бар. Ол мекемелер мен тұрғын үйлерді жыл он екі ай ыстық сумен қамтиды. Бүгінгі таңда «Шымкент сити» алабындағы 25 нысан пайданауға берілген. 23 көпқабатты тұрғын үйдегі 1290 пәтер ел игілігінде.

798 қаралым