Жарияланды: 15.04.2020

Құрылысшыларға сұраныс артты

Шымкентте бүгінде құрылыс қарқыны қыза түскен. Жуырда нарықтан 696 арендалық пәтер сатып алынбақ. Төтенше жағдайға байланысты қаладағы құрылыс нысандарында бірқатар мамандарға сұраныс артқан. Атап айтқанда бетоншы, қыш қалаушы, сылақшы және қарапайым дәнекерлеуші. Қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамту орталығына сұраныс берілген. Құрылыс қарқынын бағамдап шыққан қала әкімі Мұрат Әйтенов мердігерлерге билік тарапынан барлық мүмкіндік қарастырылғанын өз кезегінде компаниялар құрылысты сапалы әрі уақытылы тапсыру керектігін ескертті.

 

 

 

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы

 

766 қаралым