Жарияланды: 17.04.2020

Отандық өнім…

Шымкентттің іргесінде шаруа қожалықтары көп. Қаланың әлеуметтік-экономикалық өсіп, өркендеуі үшін тынбай еңбектеніп жатқан ірі кәсіпорындар ғана емес, жекелеген кәсіпкерлер де жетерлік. Солардың бірі «Александров бағы» ЖШС-і. Жыл жылжыған сайын серіктестік өндіріс көлемін ұлғайтып келеді. Алып бақтың аумағы 40 гектарды құрайды. Аумақтың 80 пайызы «Голден делишес», «Гренни смит», «Фуджи», «Гала» алма сұрыптары құрайды. Ал қалғандары шабдалы. Өткен жылы әр гектардан 27 центнер жеміс жинап алған. Қазына қазанына құятын салығы да қомақты. Бастысы отандық жеміс-жидек өндірісіне өкірте үлес қосып отыр.

817 қаралым