Қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді. Мектеп пен бала бақша жетіспеушілігі бітіндеп шешімін тауып келеді. Тұрғындар тарапынан айтылған шағымдар да уақытында орындалуда. Аулалар таза, абаттандыру жұмыстары жыл сайын жүргізіледі. Қаншама жылдардан бері жөндеу көрмеген үйлердің қасбеттері жөнделуде. Аулаларға ойын алаңшалары орнатылып, спортпен айналысатындарға да тренажерлар қойылуда. Бұл бағытта Шымкент қаласына қарасты Әл Фараби ауданында ауқымды жұмыстары атқарылуда. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің аясында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан: Ш.Қалдаяқов көшесі №1а, №2/5, А.Жангельдин көшесі №2, №2а, Т.Айбергенов көшесі №3, №7б, №10, А.Асқаров көшесі №5, Республика даңғылы №15, №17, №17а, Түркістан көшесі №2/4 үйлерінің аулаларын қазіргі таңда аббаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Жарияланды: 17.04.2020