Жарияланды: 17.04.2020

485 азамат пәтермен қамтылды

Шымкентте құрылыс қарқынды жүргізілуде. Уақытша төтенше жағдайға қарамастан ауқымды жұмыстар атқарылуда. Құрылыс индустриясыныңы қарқын алуынан құрылыс мамандарына деген сұраныс артып отыр. 

Қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлеповтың берген мәліметі бойынша  Шымкентте 40 482 азамат баспана кезегінде  тұр.

Оның ішінде: жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар-1669 азамат, көпбалалы отбасылары -5179, мемлекеттік қызметкерлер- 20595, жалғыз үйі апатты жағдайда деп танылған 25 азамат тіркелген.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Шымкентте жыл басынан 485 азамат пәтермен қамтылды. 1 пәтер- Ұлы Отан соғысының ардагеріне, 48 пәтер- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, 283- көпбалалы отбасына және жаңа пәтерлер халықтың әлеуметтік әлсіз тобына  жататын 153 азаматқа  берілді.

930 қаралым