Жарияланды: 17.04.2020

Бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде

Шымкент қаласының орталығында орналасқан Әл-Фараби ауданында 219 мыңға жуық тұрғын бар. Тазалық жұмыстары ұдайы әкім назарында. Одан бөлек, залалсыздандыру жұмыстарына да баса көңіл бөлінуде. Ел аумағында төтенше жағдай енгізілгелі Әл-Фараби ауданында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Аудан аумағын залалсыздандыру жұмыстарына арнайы қызметтер мен әскери сарбаздар жұмылдырылып, 672 көпқабатты үй мен 404 көше дезинфекцияланды. Заласыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізуде. Бұл бағыттағы шаралар күнделікті жалғасып, аудан әкімдігінің тұрақты назарына алынған. Бүгінге дейін аудан бойынша 1790 отбасыға, 2368 әлеуметтік пакет таратылды, 892 отбасыға әлеуметтік азық-түлік пакеттері үлестірілуде. Аудандағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға «BizBirgemiz» қоры атынан 146 мың бетперде тарату жоспарлануда.

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы

704 қаралым