Жарияланды: 17.04.2020

Ірі жобалар қаладан шығатын барлық бағыттарды қамтиды

Бүгінде Шымкенттегі қалалық маңызы бар магистралды көшелердің 75,3 шақырымында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде Д.Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы мен айналма жолының қайта құру жұмыстары қамтылған. Ірі жобалар қаладан шығатын барлық бағыттарды қамтып отыр.  Атап айтқанда, Ташкент, Түркістан және Алматы бағыттарына шығатын жолдар жөнделуде. Оған қоса қала жолдарында көлік кептелістерін болдырмау мақсатында, 4 жолайрықтың құрылысын жүргізу жоспарлануда. 
«Нұртас» шағынауданында биыл 18,8 шақырымды құрайтын 11 көшенің күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына 1,1 млрд., ал, «Бозарықтағы» 6 көшеге 230,8 млн. теңге қаржы қаралды.  Облыстық маңызы бар ҚХ-82 автомобиль жолының 18,1 шақырымына күрделі, 8 шақырымы қайта құрылымдаудан өтіп жатыр.  Сайрам су өзенінің үстіне салынып жатқан көпір қыркүйекте пайдалануға берілмек. «Сайрам» шағынауданында 6 көшені орташа жөндеуге 164,8 млн. қаралса, «Базарқақпадағы» 3 көшені орташа жөнделіп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов осы аталған жол құрылысының жұмысымен жеке-жеке танысып шықты. Тұрғындармен жүздесіп, көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Шеткі тұрғын алаптардың ақсақалдары қоғамдық көлік, жол, жарық мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар үшін қала әкіміне ризалығын білдіріп, ақ батасын берді.

 

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы

 

 

689 қаралым