Жарияланды: 18.04.2020

Әрдайым басты назарда…

фото Н.Байбақ

Мәдени астана мәртебесін иеленген үшінші мегаполистің тазалығы әрдайым назарда. Шымкент қаласының тазалығына едәуір  үлес қосып жүрген – «ЛТД Тұрмыс» серіктестігі бүгінде жұмыс қарқынын үдеткен. Серіктестіктің құрамында 8 бригада бар. Әр бригадада шамам 50 жұмысшы таң атқаннан, күн батқанға дейін тер төгеді. Бірінші бригада А.Байтұрсынов, Желтоқсан, Н.Төреқұлов, Т. Әлімқұлов, Әлімбетов көшелерінде тазалық жұмыстарын жүргізсе, екінші бригада бүгін қала орталығындағы Тауке хан, Қазыбек би, Диваев, Жылқышиев, Ж. Ташенов, Орынбаев, Майлы қожа, Түркістан, Желтоқсан, К. Тоқаев көшелерінде жүргізеді. Көшелерге қойылған жәшіктеріндегі қоқыстарды тазалап, аяқжолдарды бірсыпыра сыпырып шығу міндеттері. Қала орталығындағы көшелердің айнадай жалтырап жатуы осы серіктестік жұмысшыларының еңбегі.

Жаннұр Бектұрғанова

886 қаралым