Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы шаруаларға агроқұрылымда мейлінше заманауи қондырғыларды қолданып, тиімді жұмыс істеуге шақырды. Қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбековтың айтуынша, биыл инвестиция және несиелендіру бойынша жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 7,6 млрд. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба іске асады. Оның ішінде 4 құс шаруашылығын кеңейту, 4 жылыжай құрылысы, 2 тауарлы сүт фермасы, 2 жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу, 1 қарқынды алма бағы, 1 ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу, 1 сүтті қайта өңдеуді кеңейту, 1 мал бордақылау алаңын салу, 1 кондитерлік өнім өндіру.
Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы