Жарияланды: 21.04.2020

Белгіленген кестеден кешікпеуі тиіс


shymkent.gov.kz

Қазіргі ахуалға қарамастан Шымкент қаласында барлық салада жұмыс қызу жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы саласы әрине «көктемнің бір күні жылға азық» тәмсілін ұран етіп, жер жырту, егін егу жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Ал құрылыс саласы да белгіленген кестеден кешікпеуі тиіс. Бүгін Шымкент қалаласының әкімі Мұрат Әйтенов қашықтан мәжіліс өткізді.
Жиында қала аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс қарқыны мен инженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік төлемдермен карантин режімін қатаң сақтау жайы сөз болды. 2020 жылы қалалық құрылыс басқармасы арқылы 104 инвестициялық жобаның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 58 жоба, яғни 78-і тұрғын үй, 20-сы инженерлік инфрақұрылым, 13-і білім беру, 3-і абаттандыру, 2-і мәдениет, 3-і спорт, 3-і ауыл шаруашылығы, 1-і әкімшілік ғимарат және 1-і өрт сөндіру депосы. Құрылысы жүріп жатқан 78 көпқабатты тұрғын үйдің 19-ы арендалық болса, 59-ы кредиттік үй. Аталған тұрғын үй құрылысына жалпы саны 2 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылған. Құрылыс нысандары мерзімінде пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде, жыл соңында 1144 отбасы арендалық баспанамен қамтылады, деп атап өтті құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов. Сонымен қатар, «5-10-20» пилоттық жобасымен және «7-20-25» бағдарламасы аясында салынып жатқан кредиттік үйлердің 51-і пайдалануға берілмек. Бұл 3284 пәтер. Бұдан бөлек, мегаполисте 8,5 млрд. теңгеге жалпы 7020 орындық 13 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 4500 орындық білім мекемесі пайдалануға беріледі. Қалған 6-ы келесі жылға өтпелі. Қазіргі таңда 12 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нысандардың құрылысына 358 жұмысшы тартылған.

 

736 қаралым