Жарияланды: 21.04.2020

Тынымсыз тірлік атқарып жүр

Шымкент қаласында 13,8 млн шаршы метр, яғни 1 мың 500 — ге жуық көшеге залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл карантин кезінде коронавирустың таралмауына тосқауыл болуы үшін жасалып отырған алдын-алу шарасы. Санитарлық талаптың үдесінен шығу үшін мамандар күніне үш мезгіл тынымсыз тірлік атқарып жүр. Бұл туралы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жауаптылары айтып отыр. Бұл жаңағы 1500 көше мен қоғамдық орындар және ірі сауда орындарымен іргелес жатқан аумақтар, саябақтар, гүлзарлар, аялдама мен аяқ жолдарды залалсыздандыру міндетіне жергілікті биліктің бөлген сомасы. Қаржының мөлшері көп болғанымен ол қаржыға атқарылуы тиіс шаруа да шаш етектен болып тұр. Санитарлық – дезинфекциялау шарасын тиімді үйлестіру үшін қала аумағын 20 бағытқа бөліп, 32 техника күші жұмылдырылып отыр. Оған тартылған мыңдаған маманның қауіпсіздік қажеттіліктері тағы бар.
Сондай-ақ, көп қабатты тұрғын үйлердің ауласы мен кіреберістері және  қоқыс алаңшасындағы контейнердерің тазалық жұмыстарына да бөлінген бөлек бригада бар мұнда. Олар аталған орындарды дезинфекциялап, тәж инфекциясын алдын-алу үшін бар мүмкіндікті пайдалануда, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы. Сондай-ақ, қаланың кіріп – шығатын барлық посттарына да тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүріп тұрады. Қажеттілікпен қамтамасыз етуде аталған басқарма жауап беріп отыр.

716 қаралым