Жарияланды: 29.03.2016

Түркия президенті ТҮРКСОЙ-ды қабылдады

22 наурыз күні Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоған Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ұйымы ТҮРКСОЙ-дың делегациясын Бестөбе сарайында қабылдады.

Кездесуге ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов бастаған ресми делегация мен Әзербайжан, Гагаузия (Молдова), Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Македония, Моңғолия, Түрікменстан сынды елдерден келген өнерпаздар қатысты. Сонымен қатар, кездесуде Түркия Премьер-министрінің орынбасары Тұғрыл Түркеш, Түркияның Мәдениет министрі Махир Унал болды.

Түгел түркі жұртының, Ұлыс­тың ұлы күні – әз-Наурыз мере­кесімен құттықтаған Түркия Пре­зи­денті: «Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы құрылған күн­нен бастап, түркітілдес халық­тардың өнер мен мәдениетін дамытуға зор үлес қосып келеді. Түркі дүниесіндегі бейбітқатар өмір сүру мәдениетінің қалып­тасуында елеулі орынға ие. Бұл ұйымның әлемдік беделі орасан зор. Сондықтан, ТҮРКСОЙ-дың атқарып отырған жұмыстарына мән беріп, үнемі қолдау көрсетіп отырамыз.

Биылғы жылы Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралардың жоғары деңгейде өтетіндігіне сенімдімін. Наурыз – көктемнің хабаршысы. Түркия­дағы бұл күн – бауырларды және туған-туысты біріктіретін мереке. Түркіні ғана емес, бүкіл адамзатты бейбітшілікке шақыратын күн. ТҮРКСОЙ ұйымдастырып отырған мерекелік іс-шаралары арқылы Наурыздың қасиетімен бірге бейбіт өмірдің сағынышын насихаттап келеді. Осылайша құрлықтар арасындағы көпірлерді салып, достық қарым-қатынасты күшейтіп отырады. 28 наурыз күні Біріккен Ұлттар Ұйымында және 1 сәуірде Вашингтон қаласында өтетін мерекелік шараның сәтті өтетіндігіне сенімім мол. Осындай игі шараның басы-қасында жүрген ТҮРКСОЙ Бас хатшысына және ТҮРКСОЙ-дың жұмыстарын қолдап отырған барлық бауырлары­мызға алғысым шексіз,» – деп жү­рек­жарды тілегін жеткізді. ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қа­сейінов Түркия Президентіне ал­ғыс білдіріп, иығына шапан жапты.

Еске сала кетейік, Қазақстанның атынан Түркияның 20-дан астам қалаларында Наурыз мейрамына арналған мерекелік шараларға «Сазген сазы» фольклорлық-этно­графиялық ансамблі, «Тараз» триосы, «Томирис» халық би ан­самблінің бишілері, «Самрук» бишілер тобы қатысуда, – деп хабарлайды Қазақстанның ТҮРКСОЙ-дағы

4 119 қаралым