Жарияланды: 03.05.2020

Тұрғындардың өтініші негізінде тазартылуда

Шымкент қаласына қарасты Әл Фараби ауданы аумағында тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында, ауданы әкімі аппараты және Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірлесе ішкі орам көшелерінің және көпқабатты тұрғын үйлер аулаларында ауа-райының қолайсыздығынан сынған және құлаған ағаштардан тазалау жұмыстары әлі де жүргізілуде. Қала тұрғындары тарапынан түскен шағымдар да дер кезінде назарға алынуда. Одан бөлек, тазалық шаралары да жалғасын табуда. Аудан аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын және кіреберістеріне және басты көшелер мен ішкі орамдық көшелерге залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда. Заласыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізуде. Тазалыққа жауапты жұмысшылар ағаштан  қалған қалдықтарды сыпырып, тазартуда.

854 қаралым