Жарияланды: 02.07.2020

Білім биігін бағындырған

2-4 сынып оқушылары арасында «Бастау» ХІІІ республикалық математикалық онлайн-турнирі жеңімпаздарының дипломдары табысталды

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы 2-4 сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту мақсатында  бастауыш сынып оқушыларының арасында XІII республикалық математикалық «Бастау» турнирі COVID-19 пандемиясына байланысты онлайн режимде өткен болатын.


Турнирге еліміздің барлық аймақтарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектептерінен, Республикалық физика-математика мектептерінен және жеке меншік мектептердің республикалық қауымдастығынан командалар қатысып, «Бастау» турнирінің қорытындысы бойынша Шымкент қаласы командалық және жекелей де алдыңғы үштікте бой көрсеткен болатын. Шымкенттік оқушылар білім биігін бағындырып, жетістіктерге жетіп жүр. Мұның барлығы да білім сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың арқасы. 

752 қаралым