Жарияланды: 03.07.2020

Медициналық қызметтің сапасын арттыру үшін…

Шымкент қаласындағы №9 қалалық емханасы күндізгі стационар арқылы өкпе қабынуы (пневмония) және басқа да респираторлы вирусты инфекцияларды емдеуге кірісті. Аталған емхананың филиалдарында күндізгі стационарда 44 төсек орын қарастырылған.

Емханаға тұрғындарға 4 филиал арқылы медициналық қызмет көрсетеді. Оның ішінде үш филиалы науқастарды емдеуге орын дайындалған. Атап айтар болсақ, Коммунизм бөлімшесінде 20 орын, Жаңа Талап тұрғын алабы 16 орын, Тұрлан шағын ауданында 8 орын әзірленген.

Күндізгі стационар медицина қызметкерлері таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін науқастарға демалыссыз емдеу жұмысын жүргізуде. Медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында атқарылып жатқан шаруалар ауқымды. 

Казіргі таңда емхананың күндізгі стационарында 179 науқас ем алуда. оның ішінде өкпе қабынуымен — 88 адам, басқа респираторлық инфекциямен — 88 адам. Сонымен қатар, күндізгі бөлімшелер дәрі-дәрмекпен толық қамтылған.

Емханада арнайы іске қосылған Call center байланыс жүйесі арқылы тұрғындарға кеңес беріп келеді.

742 қаралым