Жарияланды: 03.07.2020

Қосымша 100 орын ашылды

Шымкент қаласының №2 қалалық емханасы негізінде «Ардагерлер үйі» провизорлы госпитальда 100 төсек орны ашылды.

Ауруханада жедел респираторлы вирустық инфекциялармен және пневмониямен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетеді. Қазірде госпитальда 54 науқас ем қабылдауда. Мұнда науқастар үшін барлық қажетті дәрі-дәрмектер, медициналық құралдар және жеке қорғаныс құралдары жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген. Ауруханада 4 дәрігер, 20 медбике және 10 санитар қызметкер бар. Бүгінде науқастар мен медициналық қызметкерлерге үш мезгіл ыстық тамақ та ұйымдастырылған. Мұның барлығы да медициналық қызметтің қолжетімділігің арқасында қол жеткізіліп отыр.

676 қаралым