Бизнесті барынша қолдау

«Бизнестің барлық шығынын жаппай азайту». Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Абубакиров өңірдегі кәсіпкерліктің жай жапсары туралы нақтылап айтып берді. Палата тарапынан атқарылып жатқан тірліктерді тілге тиек етіп, тәспінің тасындай тізбектеп өтті. Асқар Абубакиров, Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:  «Статистикаға қарасақ ең көп кәсіпкерлер шоғырланған өңір осы оңтүстік. 175 мыңға жуық кәсіпкерлеріміз бар… Көбісі «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы арқылы кәсібін дөңгелетіп отыр. Одан бөлек өңірімізде индустриалды-инноациялық даму бағдарламасының игілігін көріп отырғандары тіптен көп. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығындағы бір терезе арқылы барлық ақпаратты алуға болады. Бүгінде кәсіпкерлерге арналған 18 бағдарлама бар. Арнайы нұсқаулық та шығарылып отыр». Бүгінде «Бизнеске арналған жедел жәрдем» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл дегеніңіз кәсіпкерлерге үлкен көмек болары сөзсіз. Кәсіпкер өзіне қажетті барлық кеңесті алуына болады. Одан бөлек кәіспкерлікті қолдауға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Былтыр ғана базарларда кәсіпкерлерге кеңес беретін кабинеттер ашылды деп сүйінші сұраған болатын. Бұдан өзге де кәсіпкерлікті қолдауға арналған көптеген жобалар, жоспарлар бар.

 

42 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*