Бүгінгі таңда медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың алдын алу үшін жеке клиникалар да медициналық көмек беретін болды. Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Жекеменшік клиникаға тіркелгендер күндізгі стационарда тегін медициналық қызмет алуға мүмкіндік бар. Күндізгі станционарлар ашылған жекеменшік клиникалардың қатарында «Невро Мед «Медикус орталық» клиникасы, «Эскулап Вита», «Верум кз», «Рай Мед», «Сымбат Нұр», «СВА Интертич», «Меди-Ар», «Шымкент Медикал Сервис» клиникалары бар.
Жарияланды: 04.07.2020