Жарияланды: 04.07.2020

195 орамға су құбырын жүргізу жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданы аумағына «Сайрам» ауданынан «Бадам» тұрғын алабы (195 орам) мен «Сәуле» шағынауданы (276 орам) қосылған, «Бадам» тұрғын алабы (195 орам) егжей-тегжейлі жоспарына сәйкес, бүгінгі таңға, 300 тұрғын үй құрылысы жүргізілген, халық саны 1280 адам және «Сәуле» шағынауданы (276 орам) жаңақұрылыс аумағында шамамен 110 тұрғын үй құрылысы жүргізілген, халық саны 517 адамды құрайды.
Қазіргі таңда, «Бадам» тұрғын алабын (195 орам) электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында, жарықтандыру бағаналарын орнату және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, су құбырын жүргізу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, «Сәуле» шағынауданы 276 орамның 5 көшесіне шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.

911 қаралым