Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылым мәселелері жыл жылжыған сайын шешімін тауып келеді. Жауапты саланың мәліметінше, қазіргі таңда қалада кәріз жүйесін тарту бойынша 4 нысанда құрылыс жұмыстары жүруде. Жыл қорытындысымен бір магистралдық кәріз коллекторының құрылысы аяқталып, 12 мың халқы бар 5 шағынаудан (Тоғыс, Жыланбұзған, Елтай, Бадам, Маятас) кәріз жүйесіне қосылады. Қаладағы жаңа шағынаудандардың бірі Солтүстік-Батыс шағынауданы барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтылған. Мұнда кәріз жүйесінің тартылғанына да біраз жылдың жүзі болды. Жаңадан салынған үй тұрғындары біртіндеп кәріз жүйелерін тартуда.