Шымкент қаласының экономикалық және әлеуметтік дамуының драйвері ретінде шағын және орта бизнес үлкен септігін тигізуде. Қалада
жалпы өңірлік өнімнің 3/1 бөлігін шағын және орта кәсіпкерлік өндіреді.
Сол себепті, кәсіпкерліктің қазіргі өзекті мәселелерін шешу арқылы қаланың экономикалық дамуына зор ықпал тигізетіндігіне кәміл сенеміз.
Барлық дамыған мемлекеттердегідей шағын және орта бизнесті қаланың локомотивіне айналдыруымыз қажет.
Жалпы кәсіпкерлікті дамыту, қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы-2025», «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламары қабылданып, оның орындалуы Президентіміздің, Үкіметтің тікелей бақылауында тұр.
Қалада «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы мен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының орындалуы жоғары деңгейде. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында шағын және орта бизнестің тасы өрге домалап келеді.