Шымкент қаласындағы «Бал Текстиль» отандық кілем өндіруші фабрикасы еліміздегі ең ірі кәсіпорындардың бірінен саналады. Жобалық құны 11 миллиард теңге инвестиция жұмсалған кәсіпорынның қуаттылығы жылына 6 миллион шаршы метр кілемді құрайды. 300 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін кәсіпорын полипропиленді жіптерді де шығарады. Бүгінде Қазақстан кілемдері Германия, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстанға экспортталады. «Баль текстиль» кілемдері сапа жағынан Бельгия және Германия елдерінің өнімдерінен кем түспейді. Ең алдымен сапаға баса мән беретін кәсіпорын өніміне бүгінде сұраныс артып отыр. Әсіресе қазақы нақышта ою-өрнекпен көмкерілген кілемдерге бала бақшалардан көп тапсырыс түседі. Кәсіпорын басшысы Талғат Исхахов алдағы уақытта жұмысшылар қатарын арттыруды көздеп отыр.
Жарияланды: 05.07.2020