Жарияланды: 05.07.2020

Халықтың саулығын жақсарту үшін…

Соңғы онкүндікте қалада пневмонияға шалдығып, сырқаттанып жатқандардың қатары көбейді. Бұл тұрғындардың қауіпті дертке немқұрайлы қарап, елемеуінен туындап отыр. Инфекциялық аурулардың көбеюіне байланысты қала әкімінің тапсырмасымен бүгінге дейін 650 жұқпалы және 1240 провизорлы төсек орын ашылса, алдағы уақытта 1500 төсек-орын ашылатынын жеткізді. Бұл үшін инфекциялық стационарды жабдықпен қосымша қамтамасыз ету үшін 502 млн теңгеге, 21 аппарат сатып алынса, қосымша тағы 40 ИВЛ аппарат жеткізілмек екен. Расында қиын уақытта бұл халықтың саулығын жақсарту үшін, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін дер кезінде қолға алынып жатқан жұмыстар. Жақында карантиндік шектеу шаралары тағы да күшейтілді. Бұл адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне орай жасалған қадам. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын қарастырайық.

Сакен Мажинбеков,

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры

654 қаралым