Ғылыми инновациялық жобалар -2

Түркістан облысында өткен шара аясында ауқымды көрме ұйымдастырылды. Онда облыстағы оқу орындары студенттерінің өнертабыстары мен өнідіріске ендірілген жаңалықтары көпшілік назарына ұсынылды. Робототехникадан мол хабары бар мектеп оқушыларының өздері жасап шыққан роботкөмекші, төтенше жағдайда алыстан басқарылатын машина ерекше қызығушылық тудырды. Ал облыстағы маңдайалды оқу орны ОҚМУ ғалымдарының ғылыми инновациялық жобасы «Әмбебеп көпфункционалды құрылғысы» бүгінде қағаз бетінде қалып кетпей өндіріске ендіріліпті. Нұрлыбай Танабаев, техника ғылымдарының кандидаты: «Менің жасап шығарған «төртеуі біреуінде аспалы әмбебап көпфункционалды аспалы қондырғының» артықшылығы көп. Ауыл шаруашылығы диқандарымыз арық қазғыш каналқазғыштарды пайдаланады. Арықжапқыш құрылғыны пайдаланатын. Бұл құрылғының құрамында үш агрегат бар каналқазғыш, заравниватель, понировщик, грейдер 0 деген төртінші агрегат қосылады. Әмбебеп құрылғы төрт техниканың қызметін бір өзі атқарады. Мен әзір екі нұсқасын зауытта жасап шығардым. Темірлан тас жолы 115-те «Белорусь» фирмасында сатуға қойғанмын». Әлем ғалымдарының басын қосқан айтулы шара екі күнге жалғаспақ. Конференцияға 312 ден астам мақала түсіпті. Алдағы уақытта 3 том жинақ шығарылмақ. Ал таңдамалы еңбектер «Индустриал технологи енд инжениринг» атты халықаралық журналда тегін жарияланатын болады.

54 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*