Түркістан облысындағы экспорт көлемі ұлғайып келеді

Былтыр Түркістан облысының сыртқы сауда айналымының көлемі 1088,9 млн. АҚШ долларын  құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 468,3 млн. АҚШ долларын (90,8%), импорт – 620,6 млн. АҚШ долларын (156%) құрады. Облыстың Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен экспорты 95,4 млн. АҚШ долларын (72,1%), ал импорт – 148,2 млн. АҚШ долларын (136,6%) құрады. ЕАЭО елдеріне экспорттың жалпы көлеміндегі 86,6% Ресей Федерациясына тиесілі болса, 13% – Қырғыстан Республикасына, 0,4% – Беларусь Республикасына тиесілі. Түркістан облысының негізгі сауда серіктестері Нидерланды, Ресей Федерациясы, Қытай және Өзбекстан. Бүгінгі таңда облысымыз өңдеу өнеркәсібінің келесідей өнімдерін экспортқа шығаруда: трансформаторлар, насос, тыңайтқыш және құрылыс материалдары, дәрі-дәрмек препараттары, кілем және кілем бұйымдары, тоқыма бұйымдары, ұн, күркетауық еті мен одан жасалған дайын  өнімдер. Өңірдің ірі кәсіпорындарының өнімдері таяу және алыс шетелдерге экспортталуда, атап айтқанда: «Химфарм» АҚ (фармацевтикалық препараттар), «Кентау трансформатор зауыты» АҚ (трансформаторлар),Оның ішінде индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған «Azala textile» ЖШС (тоқыма бұйымдары), «Бал Текстиль» ЖШС, «Назар Текстиль» ЖШС (кілемдер), «Хлопкопром Целлюлоза» ЖШС (гигроскопиялық мақта),  «Ордабасы құс» ЖШС (күркетауық еті), «Шымкентмай» АҚ (өсімдік майы, кебек),  «Барыс 2007» ЖШС (макорон өнімдері), «Алтын Дән» ЖШС (ұн), СТК «Хамит» (өңделген балықтар) бар.

14 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*