Шымкент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия ұжымы қала мектептері арасында Шымкент қалалық білім басқармасының ұйытқы болуымен өтіп жатқан «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты челленджді шын ниетпен қабылдайды. Сыбайлас жемқорлыққа немқұрайлылық таныту–адам санасының, табиғатының бұзылуына, адамдық болмыстың тапталуына әкеліп соқтыратын аса қауіпті құбылыс. Өйткені адам баласы белгілі бір материалдық жағдайға кіріптар болғанда, ар-ұят, ождан мен намысты екінші орынға қояды. Егер иман мен ар-ұятты екінші кезекке қоятын болсақ, онда болашақта тұтас бір ұрпақты жоғалтып алуымыз мүмкін. Біз осыны терең түсінуіміз керек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе күресе отырып, өмірімізді одан ары жақсартып, адамгершілік, рухани байлығымызды жоғалтпай, өркениетке бет алған Мәңгілік ел құруымыз керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың да басты мақсаты да қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру. «Саусақ бірікпей , ине илікпейді»-деген қанатты сөзді қазық ете білейік! Ш.Уәлиханов айтқандай, «дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» екенін естен шығармайық! Мектепте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарының орындалуы басты назарда .Заң аясында ата-аналардан, оқушылардан заңсыз ақша жинаудың барлық түріне,сыйлық алуға қатаң тыйым салынған. 2019-2020 оқу жылында мектеп жан басына шаққанда қаржылындыру жүйесіне көшті. Мектептің материалдық техникалық базасын нығайтуға,оқушы парталарын, шаруашылық және кеңсе,спорт тауарларын сатып алуға арнайы қаржы қарастырылып,бұл жұмыстар мемлекеттік сатып алу заңының талаптары негізінде жүргізілуде. Сонымен қатар білім сапасын арттыру мәселесі де басты назарда тұр. «Ұрпағына асыл мұра ретінде арсыздықты әкелетін байлықты емес, тәрбиені қалдыруды»мұрат еткен мектеп ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы.
Жарияланды: 07.07.2020