Жарияланды: 07.07.2020

ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Биыл Шымкенттіктер жылудан тарықпайды. Себебі, қаладағы Адырбеков, Толстой, Аймаутов көшелеріндегі жылу қазандықтары ауыстырылып жатыр, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Бұл мақсатта Республикалық бюджеттен 9 млрд теңге бөлінген. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 70 пайызы аяқталды. Жыл сайын 6 шақырым жылу қазандықтары жөндеуден өтсе, биыл  көрсеткіш 10 пайызға артық. Бұл жұмыстарға 15 мердігер мекеме жауапты. Сонымен қатар, қаладағы 5 жылу айдау құрылғысы жаңартылды. 500 млн. теңгеге оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.  Құрылысқа қажетті материалдар Алматы, Қарағанды, Павлодар қалаларынан әкілінген. Қазір мұнда 1200-ге жуық жұмысшы еңбек етуде. 200 техника жұмылдырылған. Жөндеу жұмыстары аяқталса, Қырғы базардан Жібек жолы сауда орталығына дейінгі құбырлар жаңартылады. Мамандар тапсырысты бітірген соң,  бұзған жолдың барлығын асфаттап береміз, деп отыр.

706 қаралым