Жарияланды: 07.07.2020

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗЫП ТҰР

Шымкентте Еңбекші ауданында құрылыс жұмыстары қызып тұр. Аудандағы 630 көпқабатты үйдің бүгінгі күнге дейін 501-і абаттандырылып, балалар алаңшасы орнатылған. Сонымен қатар Бадам өзені бойында жаңадан үш көпір салынып жатыр. Қазіргі таңда Еңбекшідегі  111 үйдің ауласы абаттандыруды қажет етеді. Алайда 18 тұрғын үй ауласында қажетті жер телімі болмағандықтан, абаттандыруға мүмкіншілік жоқ. Бұл күнде 64 үйдің  ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Базарқақпа, Жұлдыз тұрғын алаптарындағы 47 үйдің ауласын абаттандыру жұмыстары инженерлік жүйелер толық жүргізіліп біткен соң, істеледі.2020 жылға 64 көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңдарын орнатуға, 43 көпқабатты үйлердің аулаларын жөндеу және балалар ойын алаңшаларын қайта құру жұмыстарына бюджеттен 807 205 мың теңге қаралды. Сонымен қатар юиылғы жылы біз 47 үйдің аулаларын тозығы жеткен аулалардың елементтерін жаңалау жұмыстары жалғасады. Биылғы жылы әр ауданға 1 млрд теңгеден абаттандыруға бөлінді.Қуан Әбдішүкіров —  қала тұрғыны«Ауламызды өте тамаша істеп жатыр жігіттер жақсы рахмет». Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалаға қосылған тұрғын алабтарды аралап, халықпен кездесуінде айтылған мәселелер оң шешімін табуда. Атап айтсақ, Маятас, Тоғыс тұрғын алабтарындағы Бадам өзенінің үстінен өтетін 2 көпірдің құрылысына жергілікті бюджеттен 310 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстар жүргізілуде.                                     

670 қаралым