Жарияланды: 07.07.2020

Қосымша ғимарат салынуда

Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданында биыл құрылыс қарқыны қызып тұр. Тоғыс тұрғын алабындағы №120 мектеп жанынан 300 орындық қосымша ғимарат, спорт алаңшасын салуға және осы мектепті күрделі жөндеуге 673 млн. теңге бюджеттен қаралып, құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Одан бөлек, бюджеттен 555,2 млн. теңге бөлініп Маятас, Тоғыс, Елтай, Жыланбұзған тұрғын алаптарындағы 11 көшеде 21,4 шақырым асфальттау және 5 көшеде 5,8 шақырым аяқжол орнату жұмыстары да қарқынды түрде  атқарылуда. Қайрат Баймедиев — Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы: «Қалада 7 көпірдің құрылысы жоспарланған тұғын. Бүгінгі таңда 3 көпірдің құрлысы жүріп жатыр. Маятас, Тоғыс, және мал базар маңындағы көпірдің құрылысы жүріп жатыр». 

 

906 қаралым