Жарияланды: 11.07.2018

6 сатылы зертханалық тексеруден өтеді

Бүгінгі таңда Түркістан облысында ірі кәсіпорындар көбейіп келеді. Оған өңіріміздегі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының қосып отырған үлесі қомақты. Қазіргі таңда «Биік Белес» ЖШС-і асфальт бетон өнімдерін шығаруды қолға алған. Өндіріс орны сағатына 180 тонна асфальт-бетон шығаратын кореялық «SPECO” зауыты бар. Онда 5 түрлі асфальт-бетон түрлері өндіріледі. Аталған кәсіпорында өндірілген асфальт құрылысқа пайдаланылмас бұрын 6 сатыдан тұратын зертханалық тексеруден өтеді. Жоғары, төменгі температураға төзімділігі тексеріледі. Қанша салмаққа шыдас беретіні де назардан тыс қалмайды. Содан кейін ғана пайдаланылуға рұқсат етіледі. Сондықтан да кәсіпорын салған жолдар тақтайдай түзу. Сапалы өнімнен- қауіпсіз жол салынатынын ескерсек бұл жағынан алғанда берекеліктердің асығы алшы. Ақжарқын Исабаева, серіктестіктің зертхана меңгерушісі: «Дайын асфальт шығарудан бұрын оның құрамын іріктеп аламыз, одан кейін жіті зертханалық тексеруден өткізіледі. Зертханадан өткен рецептіні зауытқа береміз. Сол бойынша зауыттан жасалып шығады. Зауыттан шыққаннан кейін бірінші кезекте температураға шыдамдылығын отқұндақты пеште тексереміз. Егер бәрі тура келсе одан кейінгі процестен өтеді, яғни 0 градусқа, 20,50 градусқа шыдамдылығын тексереміз. Осыншама тексеруден өткізілгеннен кейін сапасы өте жоғары».

958 қаралым