Жарияланды: 11.07.2018

Жол саласына қажетті өнім өндіреді

Түркістан облысындағы «Түркістан жол сервис» ЖШС-інің негізгі қызметі жол салу болып табылатын кәсіпорын меншігінде 265 техника, 4 асфальт-бетон зауыты бар. Зауыттың бірі облыс орталығында орналасса, бірі Ордабасы ауданында және Батыс Қазақстан облысында бір зауыты бар. Өндіріс орны бүгінгі таңда 550-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. «ТЖС» ЖШС-нің құрамында «База Менеджмент 2008» ЖШС-і жұмыс істейді. Индустриалды аймақта орналасқан кәсіпорындардың болашағы зор. Оның міндеті күнделікті зауыттан шығарылатын асфальттың сапасы мен құрамына зертханалық тексерулер жүргізеді. Сондай-ақ, асфальт өнімдерін дайындауға қажетті тас, құм, өндіретін «Адал Арна» ЖШС-і бар. Кәсіпорын облыс аумағындағы асфальт төсеу жұмыстарына қажетті материалдармен толық қамтамасыз етіп келеді. Түлкібастағы Машат көпірлерінде зауытымыздан шыққан бетон өнімдері- көпір плитасы, көпір тіреуіштері  қолданылған. Қазығұрт ауданында 4 көпір салған. Сондағы барлық өнімдер осы зауытта өндірілген. Облыс көлеміндегі жолдарды салу, жөндеу кезінде 100 пайыз отандық өнімдер қолданылуда. Жалпы облыс бойынша жол саласына қатысты 50-ге жуық кәсіпорын, жеке кәсіпкерлер бар. Олардың басым бөлігі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған. Асфальтты-бетон, темір-бетон бұйымдарын шығаратын өндіріс орындары бар. Әр құрылыс материалдарын шығаратын мекемеде өзінің ішкі зертханасы бар, кіріс материалдары сапасына бақылау жасайды. Қазіргі таңда облыс көлемінде жол құрылысына 30 млрд теңге бөлініп, 584 нысаннан тұратын 1570 шақырым жолдарда құрылыс жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

1 086 қаралым