Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша брифинг өткізді. Брифингте медицина қызметкерлеріне көрсетіліп жатқан қолдау жайы айтылды. 2 764 медицина қызметкеріне 780 млн теңге еңбек ақыларына үстемеақы төленді. Халық қоры және демеушілер есебінен 935 медицина қызметкеріне 42,4 млн теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Жұқпалы аурулар ауруханасының науқастармен тығыз байланыстағы 336 қызметкерінің қонақ үйлерде тұру, тамақ беру, жұмысқа қатынауы ұйымдастырылды.
Жарияланды: 08.07.2020