Жарияланды: 08.07.2020

Өрт химиялық станциясын жабдықтау жоспарлануда

Шымкенттегі «Жасыл белдеу» КММ-не қарасты 976 га жер учаскесінде орналасқан ғимаратта Өрт химиялық станциясы (ӨХС) ретінде жабдықтау жоспарлануда. Орман өрттерін жоюды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын өрт сөндіру химиялық станциясының маңызы зор. ӨХС — өрт сөндіру техникаларымен, жабдықтарымен және байланыс құралдарымен жарақтандырылатын құрылымдық бөлімшелер болып табылады. Статистика мәліметтеріне сүйенсек елімізде жылына бес жүз орман өрті болады екен. Өртенген орманды қалпына келтіру оңай жұмыс емес, жер азып, қоршаған ортаға экологиялық зардабы тиетіні белгілі. Сондықтан аты жаман апатты алдын алу үшін, уақтылы жою үшін өрт химиялық станциясында өртке қарсы қызметінің қызметкерлері тәулік бойы күзету жұмыстарын жүргізетін болады. Бұл ең алдымен әлеуметтің әлеуеті үшін атқарылатын шаруа.

1 089 қаралым