Жарияланды: 08.07.2020

Үйлестіру жұмыстарын ұйымдастырып отыр


Қазіргі қиын-қыстау кезең әр адам мен әр ұйымды сынаққа алып тұр. #бізбіргеміз деген ұранды ту еткен «Nur Otan»дықтар үнемі тығырықтан шығатын жолды біледі.
Осы орайда Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы Қаратау аудандық филиалының төрағасы, Қаратау ауданының әкімі Абзал Шымкентбайұлының бастамасымен «Сайрам көмекші мектеп-интернатының» ұжымы бірауыздан келісіп, N3 Шымкент қалалық ауруханасының қызметкерлеріне жағдай жасауға ұйғарым етті. Қазір бос тұрған ғимаратты медицина қызметкерлерінің жағдайына бердік. А. Шымкентбайұлы үйлестіру жұмыстарын ұйымдастырып отыр.
Тиісті тапсырмалар уақтылы орындалуда. Жұртты әбігерге салған індет кезеңінде ақ халатты жандарға да барынша көңіл бөлінуі керек. Олар да пенде, олар да сақтануы тиіс. Бастысы, біз үшін қызмет етіп жатқан дәрігер қауымына қашанғыдай зор сенім бар. «Көңіл көңілден су ішеді» дегенді ескерсек, біздің төріміз адам жанына араша болар азаматтарға әрқашан дайын.

696 қаралым