Жарияланды: 08.07.2020

Дендросаябаққа апарар жол жөнделуде

Шымкенттегі дендросаябақты қоршап жатқан төрт тараптағы жолдардың барлығы да жөндеуден өткен. Қаланың қай тарабынан келсеңіз де дендросаябаққа тақтайдай түзу жолмен жетесіз. Жуырда А.Байтұрсынов көшесінің Ұ. Арғынбеков көшесі қиылысынан дендросаябаққа дейінгі бөлігі күрделі жөндеуден өткізілуде. Аталған жолдың бөлігіне бүгінге дейін тек шағал тас төселінген болатын. Қазір мұнда асфальт төселініп, жаяу жүргіншілер жолы, веложол және ирригация жүйесі қарастырылған. Жолдың ұзындығы — 500 метр. Қазір мұнда 8 техника және 48 жұмысшы нысанды мерзімінен бұрын аяқтауы үшін тынымсыз еңбектенуде.

644 қаралым