Жарияланды: 08.07.2020

24 сағат бақылауда

Шымкент қаласындағы Жұқпалы аурулар ауруханасы «COVID» госпиталінің басшысы Мұрат Майлыбекұлының айтуынша, жансақтау бөлімі бейнебір шайқас алаңы іспетті. Стационардағы сырқат адамдардың жағдайы 24 сағат бақылауда. Дәрігерлердің табанды еңбегі арқасында жазылып шыққандар саны 500-ге жуықтады. Алайда соңғы бір айдан бері дәрігер ата-анасын, жарын, ұл-қыздарын көрмеген. Бір айдан асты, әріптестері де шаңырақта болмаған. Қалалық әкімдік сала мамандарының қауіпсіздігі үшін оларды жатақхана мен қонақүйге уақытша орналастырған.
«Індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген медицина мамандарының еңбегі ескерілді. Айлық ақыларынан бөлек, қосымша төлемақы берілді. Сол үшін Мемлекет басшысына алғыс айтамын. Індетті ауыздықтап, толыққанды тежесек, бірінші кезекте отбасымызға барамыз», — дейді Мұрат Ибишев.

 

Шымкент келбеті

635 қаралым