Жарияланды: 08.07.2020

Білім стандартын толық меңгерген

«COVID-19» пандемиясы тұсында қашықтықтан білім беру жүйесінің маңызы мен қажеттілігі баршамызға аян болды. Осы тұста Шымкент қаласы №52 мектеп-лицей ұжымы әдістемелік нақты жүйелі жұмыстардың арқасында білім стандартын толық меңгертіп, оқу жылын сәтті аяқтады. Шымкенттік ұстаздар білім сапасын арттыру үшін барынша тер төгуде. Әрбір атқарылған жұмыс қалалық білім басқармасы Әдістемелік орталықпен бірлесе республика көлемінде кәсіби іс-тәжірибе алмасу мақсатында әлеуметтік желілерде жарияланып отырды. Әине бұл нәтижелі іс мектеп басшысы Айнұр Жарылқасынқызының көшбасшылығының арқасы. Қашықтықтан оқыту кезеңіндегі мектеп ұжымының еңселі жұмысы еленіп, оқу жылының қорытындысы бойынша қалалық білім басқармасы Әдістемелік орталықтың директоры М.Медетбекованың Алғыс хатына ие болдық. Ұстаздардың, мектеп әкімшілігінің еңбегін бағалап қолдау көрсеткені үшін қалалық білім басқармасына айтар алғысымыз шексіз. 

735 қаралым