Жаңа заң қабылданған қаңтар айынан бастап педагогтердің жалақасы 25 пайызға көбейген. Шымкент қалалық Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Ақмарал Мырзабекқызының айтуынша мұғалімдердің біліктілік санаты бойынша жалақысы 30 пайыздан 50 пайызға дейін өскенін айтты. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың арқасында ұстаздар білім сапасын арттыруға барынша атсалысуда. Оң өзгерістердің тағы бір парасы – мектепке дейінгі мекемелердегі педагогтердің еңбек демалысы 56 күн болуы. Балабақша кезегінде де мұғалімдерге жеңілдік қарастырылды. Ал қағазбастылықтан артылту мақсатында ұстаздар қауымы толтыруы тиіс құжаттар ҚР Білім және ғылым министрінің 6 сәуірдегі №130 бұйрығымен бекітілді. Білім беру ұйымдары басшылары, олардың орынбасарлары толтыратын құжаттар да осы бұйрықта нақты белгіленген. «Бұл – «Педагог мәртебесі туралы» заңының аясында шыққан бұйрық. Бұдан кейін артық қағазбастылыққа салып, есеп сұрататын басшылар мен лауазымды тұлғаларға заң аясында шара көріледі», — деді Ақмарал Мырзабекқызы.
Шымкент келбеті