Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің жұмысына қаңтар айынан бастап жаңа функция қосылған. Ендігі жерде аталған департамент басшыларының орынбасарлары бала құқықтарын қорғау мәселелеріне жауапты. «Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады. Сондықтан балаларға қатысты кез келген проблемаға бей-жай қарай алмаймыз. Төтенше жағдай кезінде көптеген мекеменің жұмысы онлайн форматқа ауысты. Осы тұста білім саласының иығына да айтарлықтай салмақ түсіп, ұстаздар қауымды жаңа жүйе бойынша қызу жұмыс істеді. Дегенмен мектептерде ата-аналар мен оқушылар тарапынан түсінбеушіліктер мен қашықтан оқу бойынша бірқатар мәселе туындады. Интернет желісіне қосылуға мүмкіндігі болмай қалған аз қамтылған отбасыларға қалалық білім басқармасымен бірлесе отырып уақытша қолдана тұруға мектептердегі компьютерлерді пайдалануға бердік», — деді Шымкент қалалық Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Ақмарал Мырзабекқызы.