Жаңа оқу жылында оқыту қай форматта өтеді деген сұрақ елімізде әле де ашық қалып отыр. Бір жағынан індет күшейіп, еліміз ауыр жағдайды басынан кешіріп жатыр. Бір жағынан қашықтан оқытуға қарсы ата-аналар қарасы қалың. Қалай болғанда да оқушылардың денсаулығы маңызды.
Егер қашықтан оқыту түрі сақталса өткен оқу жылындағы қашықтықтан оқытудың артықшылығын атап өтуге болады: — мұғалімдердің ақпараттық технология бойынша білім деңгейін едәуір жоғарылатқаны, әртүрлі білім беру платформаларын, презентацияларды дайындау бағдарламаларын және тұрақты хабарлама жіберушілерді белсенді қолдана бастағандығы. Бір жағынан бұл да ұстаздардың заман талабына жауап бере алатын машыққа икемделіп, төселіп отыруы үшін ауадай қажет еді. Заман бір орнында емес, қарқынды алға жылжып барады. Ол үшін ұстаздар замануи-технократтық өзгерістерге жауап бере алатын білім беру әдістері мен дағдыларын қалыптастып алулары үшін қажет-ақ еді. Шәкірттер де ұстаздарына ілесіп, жаңашылдықтың қыр-сырын өздерінде дамытып алуына жол ашылар еді.
Елдегі жағдайға қарамастан балалар қалыпты оқуы үшін, біз, ұстаздар, қалыпты жұмыс істеуіміз үшін жан-жақты жағдай жасалатына сеніміміз мол.
Ол үшін шымкенттік ұстаздар барынша білім сапасын жетілдіру жолында өз біліктіліктерін жетілдіру үстінде.