Жарияланды: 09.07.2020

Бар жақсылық балаларға…

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жыл 24 ақпандағы №139 «Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын пайдалану туралы» бұйрығына сәйкес, Шымкенттегі №6 балалар арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету орталығы мекеме тәрбиеленушілеріне екінші деңгейдегі банктерден жеке есеп-шоттары ашылды және келісімшарт түзілді.
Мемлекет қамқорлығындағы балаларға қосымша тамақ және ең қажетті заттарды сатып алу қажеттіліктерін айқындау үшін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына медициналық-әлеуметтік мекеменің мамандары және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның өкілі және аталған өңірдегі арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді. 2020 жылдың маусымынан бастап қызмет алушылардың құқықтарының сақталуына, оның ішінде қолма-қол ақшаның, бақылау шоттарындағы қаражаттың жұмсалуына қоғамдық бақылау жүргізу үшін қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына қамқорлықтағы адамдардың ата-аналары мен аталған өңірдегі арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және қаламыздың белсенді журналистері енді. Инклзивті қоғам құру жолында осы тектес көптеген жұмыстар атқарылуда.

К.АУАНАСОВА,
№6 балалар арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету орталығының
басшысы

 

Шымкент келбеті

636 қаралым