Жарияланды: 14.07.2018

«Нұршілік» кооперативінің жұмысы жанданып келеді

Өңір басшысы Түркістан облысына қарасты Отырар ауданына жұмыс сапарымен барды. Аудандағы атқарылып жатқан ілкімді істермен танысып, бірнеше ғимараттың ашылу салтанатына қатысты. Отырар ауданында бірқатар нысандарды ашып, елдің әлеуметтік-коммуналдық ісін дамытуға бағытталған игілікті жұмыстармен танысқан облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы оң бағасын берді. Келесі кезекте облыс әкімі Шәуілдір ауылындағы газ тарату жүйелерінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Ауданда биылғы жыл газдандыру жылы деп аталған. Отырар ауданының 34 елді мекенін газдандыру жоспарланған. Биыл Шәуілдір және Темір ауылдарында құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес қарқынды жүріп жатыр. Өңір басшысы Шілік ауылындағы «Нұр Шілік» ауылшаруашылық кооперативінің де тыныс-тіршілігімен танысты. Аталған кооператив сүт өңдеу ісін дамыту мақсатында «Ырыс» микро қаржы ұйымынан 16,0 млн теңге алған. Күніне 500 литр сүт өнімдерін дайындайтын кәсіпкерлік нысанда 300 бас сиыр, 2256 бас уақ мал, 217 бас түйе бар. Алдағы уақытта мал басын көбейтіп, жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр. Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған кооператив аудан бюджетінің молаюына да өз үлестерін қосып отыр.

1 006 қаралым