Шымкент қаласындағы Әл-Фараби аумағында орналасқан 100 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын арнату мақсатында аудан әкімінің аппараты тарапынан жобалық сметалық құжаттамары әзірленген. Әлеуетті жеке серіктестікпен 2016 жылғы 16 қыркүйектегі №1№1/123/17-28 келісім-шарттар түзілген.
Аталған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында бүгінгі күні 100 аула абаттандырылып, тұрғындар игілігіне берілген.
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында Республикалық бюджеттен аудан аумағындағы 47 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Осыған орай, әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Патшаханұлы аудан аумағындағы атқарылып жатқан абаттандыру жұмыстары мен балалар алаңшаларымен танысты.
Сонымен қатар, аудан аумағында жүргізіліп жатқан дезинфекциялық жұмыстарды бақылап, алаңшада ойнап жүрген балаларға көңіл сыйлау мақсатында түрлі доптар сыйға тартты.
© Әсет Әссанди,
Шымкент қаласы бойынша
Арнайы мониторингтік топ мүшесі.