Жарияланды: 09.07.2020

Жолдың жиектастары ауыстырылады

Шымкент қаласындағы Ә.Жанкелдин көшесі көлік ағыны көп көшелердің бірі. Қаладағы қайта жөндеу жұмысы жүріп жатқан жолдың бірі Ә.Жангелдин көшесі. Бүгінде монтаждау жұмысы аяқталып, бірінші қабат асфальт төселініп жатыр және жөндеу жұмысы барысында ирригация жүйесі де қайта жөнделіп, жолдың жиектастары ауыстырылады. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары А.Тұрхановтың сөзінше, аталған көшедегі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

723 қаралым