Жарияланды: 09.07.2020

Ізденістерін жалғастыруда

Қазіргі кезде техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі — дуалды оқыту жүйесі болып табылады. Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген. Дуальді оқыту жүйесі қазіргі дүние жүзілік тәжірибеде бар. Мұнда студенттер уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды. Сондай-ақ дуальді оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.
2014 жылы дуальді оқыту жүйесін эксперимент ретінде оқу процесіне ендірген Шымкент қаласындағы ЖОЛ-КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ қазіргі таңда жүзден аса мамандар даярлап шығарды. Білім сапасын арттыру бағытында ұстаздар ізденістерін жалқастыруда. Техникалық және кәсіптік мамандар даярлауда және бітіруші түлектерді еңбекпен қамту мақсатында колледж кәсіпорындармен әлеуметтік әріптестік кеңістігін нығайтуы қажет. Осы мақсатта ЖОЛ-КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ колледжде оқытылатын мамандықтарға сәйкес бірнеше өндіріс және кәсіпорындармен әлеуметтік серіктестік қатынаста тұрақты жұмыс жүргізеді.

702 қаралым