Жарияланды: 09.07.2020

Еңбектері еленді

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиалы медицина қызметкерлеріне қолдау білдірді. «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі 5 медицина қызметкеріне 100 000 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетіліп, сертификаттары табысталды. Бұдан бөлек, 16 кәсіподақ мүшелері құрмет грамотасы мен алғыс хатқа ие болды. Сонымен қатар, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиалы тарапынан 12 медицина мекемелерінде жұмыс жасайтын кәсіподақ мүшелеріне 100 000 (жүз мың) теңгеден қаржылай көмек берілді. Жалпы 17 адамға 100 000 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетіліп, сертификаттары табысталды. Адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандар арнайы құрмет көрсетіп, марапаттарды табыстаған «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиалының төрағасы Ерқозы Батырбековке ыстық лебіздерін білдіріп, үнемі жандарынан табылып, қолдау көрсететін кәсіподаққа алғыстарын жеткізді.

738 қаралым