Шымкент қаласындағы Жол-көлік колледжінде — «Жол- құрылыс машиналарын техникалық пайдалану» (түрлері бойынша) мамандығы бойынша бітіруші топтардың дипломдық жобаны қорғау жұмыстары кестеге сай ZOOM бағдарламасы негізінде өтті. Бітіруші түлектер өз жұмыстарын мемлекеттік біліктілік комиссия назарына ұсынып, білімі мен біліктілік дәрежесін көрсетті. Қашықтықтан диплом қорғау жұмыстарының талапқа сай өтуін Мемлекеттік біліктілік комиссиясының төрағасы — ОҚО «Автомобиль көлігі және жол кәсіпорындарының жергілікті кәсіподағы» ҚБ-ның төрағасы А.Н.Азимов, комиссия мүшелері «Меркурий» ӨК директоры А.А.Раисов, «Үміт-Надежда» ЖШС-ның директоры М.Н.Баймуратов және «Шымкент — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері бақылап отырды. Оқу ордасының ұстаздары әрдайым білім сапасын арттыру бағытында тынбай тер төгуде. Соның арқасында білімгерлер өз білім дәрежелерін жоғары деңгейде дәлелдеп шықты.
Жарияланды: 09.07.2020